13
январь
2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП Ұл балдар жиналысы
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
Ұл балдар жиналысы
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №21-1-21-5/8388-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 29.12.2025 жылғы №10-08-07/8379 хатын сәйкес Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып «Заң және тәртіп» бағытында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 13 қаңтар күні ДТЖЖО Дилшад Нуралиев және сынып жетекшілерінің басшылығында 8,9,10,11-сынып ұл балдарымен “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыстың мақсаты:
Оқушыларға заң талаптарын түсіндіру, құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жиналыста қаралған мәселелер:
• Қазақстан Республикасының заңдары мен мектеп ішкі тәртіп ережелерін сақтау;
• Кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері;
• Құқық бұзушылықтың (төбелес, буллинг, әлімжеттік, ұсақ құқық бұзушылықтар) салдары және заң алдындағы жауапкершілік;
• Қоғамдық орындардағы, мектеп аумағындағы тәртіп нормалары;
• Әлеуметтік желілерді қауіпсіз әрі мәдениетті пайдалану;
• Зиянды әдеттердің (темекі, вейп, алкоголь, есірткі) алдын алу;
• Бос уақытты тиімді ұйымдастыру және дұрыс орта таңдаудың маңызы.
Жиналыс барысында оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, нақты мысалдар келтірілді, сұрақ-жауап арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара оқушылардың заңға бағыну мәдениетін қалыптастырып, тәртіпке деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.




