Халықаралық қауіпсіз интернет күні » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Халықаралық қауіпсіз интернет күні
16
февраль
2026
0

Халықаралық қауіпсіз интернет күні

Халықаралық қауіпсіз интернет күні
    Білім басқармасы «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін хабарлайды.
    Осыған орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 16 ақпан күні 6-“А,Б,В” сынып жетекшілері Минура Абдазимова, Феруза Абдикаримова, Дилноза Ниязалиевалар “Халықаралық қауіпсіз интернет күні” тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырды.
    Сабақтың мақсаты – оқушыларға интернет желісін қауіпсіз әрі тиімді пайдаланудың маңызын түсіндіру, жеке деректерді қорғау, кибербуллингтің алдын алу, интернеттегі қауіп-қатерлерден сақтану жолдарын үйрету және саналы, жауапты онлайн мінез-құлық қалыптастыру.
    Іс-шара барысында оқушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, интерактивті сұрақ-жауап, жағдаяттық тапсырмалар ұйымдастырылып, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Мұғалім интернет желісінде жеке ақпаратты жарияламау, бейтаныс адамдармен хат алмасуда сақ болу, күмәнді сілтемелерді ашпау, уақытты тиімді пайдалану туралы нақты кеңестер берді.
    Сабақ соңында оқушылар қауіпсіз интернетті пайдалану бойынша қорытынды жасап, күнделікті өмірде осы ережелерді сақтауға уәде берді. Сынып сағаты танымдық әрі тәрбиелік мәні жоғары, мазмұнды түрде өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив