30
декабрь
2025
“Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасу” қауіпсіздік ережелері
“Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасу” қауіпсіздік ережелері
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №05-1-05-4/8636-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 22.12.2025 жылғы №10-08-07/8210 хатын сәйкес мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар «Заң және тәртіп» бағытында өткізуіне байланысты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 30 желтоқсан күні мектепте қысқы каникул кезеңінде ОРТА БУЫН оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасу” қауіпсіздік ережелері тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргінші ретінде көшеде дұрыс жүріп-тұру, жол белгілерінің мағынасы, бағдаршам сигналдары және жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қыс мезгілінде жолдың тайғақ болуына байланысты кездесетін қауіп-қатерлер, автокөліктердің тежелу қашықтығы ұзаруы мүмкін екені айтылып, сақтық шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді.
“Оқушыларды жүк автомобильдерінде тасу” қауіпсіздік ережелері тақырыбында балаларға көліктің алдынан немесе артынан жүгіріп өтпеу, ойын ойнау үшін жол жиегін таңдамау, ересектердің бақылауынсыз көшеге шықпау, қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстау тәртібі туралы нақты мысалдар келтірілді.
Түсіндірме жұмыстары сұрақ-жауап, әңгімелесу және көрнекі материалдар арқылы өткізіліп, оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыруға бағытталды. Іс-шара соңында оқушыларға жол ережелерін күнделікті өмірде қатаң сақтау керектігі ескертіліп, олардың өмірі мен денсаулығы басты құндылық екені түсіндірілді.
https://www.facebook.com/reel/868443815946813?locale=ru_RU