"Білімді мұғалім" сайысы
Шымкент қаласының әдістемелік орталығы 23-26 қараша күндері аралығында “Білімді мұғалім” атты қалалық мұғалімдер сайысын өткізді.
Сайысқа қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, құқық, физика, математика, информатика, география, химия, биология пәндері және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Сайысты өткізу мақсаты -- педагогтардың білім сапасын арттыру аясындағы кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға ықпал етуМіндеттері:
- педагогтардың теориялық және практикалық біліктіліктері мен дағдыларын жетілдіру;
- пән мұғалімдерінің шығармашылық іс-әрекеттері мен тәжірибе алмасуын дамыту;
- мұғалім мамандығының мәртебесін көтеру, жаңашыл мұғалімдерді қолдау және мадақтау;
- озық педагогикалық тәжірибелерді тарату.
№108 Хамза атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің пән мұғалімдері де сайыста өз білімдері мен тәжірибелерін көрсетіп жүлделі орындарға ие болды.
физика пәні мұғалімі Хусанжанов Кодиржон – 1 орын;
биология пәні мұғалімі Базарбаева Мунира – 2 орын;
математика пәні мұғалімі Нуралиева Гулноза – 2 орын;
орыс тілі пәні мұғалімі Юлдашов Мирхамид – 2 орын;
бастауыш сынып мұғалімі Миркурбанова Шарафатхан – 2 орын;
қазақ тілі пәні мұғалімі Исманова Назакат – 3 орынға ие болды.
Мұғалім – барлық білім беру жүйесінің негізі, жаны және жүрегі. Әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Ал ұстаз оқушыға сапалы білім беріп, оның жетістіктерін жоғары дәрежеге дейін көтеріп, бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеп мектеп жұмысын одан әрі жетілдіреді. Мектеп жұмысы оқушы жетістіктері арқылы ғана көрінбейді, бәсекеге қабілетті болудың басты көрсеткіші білім деңгейімен өлшенетіндіктен,білімді ұстаздардың алар орны ерекше! Өмірдің заңы даму, ілгерілеу, озу! Үздіксіз ізденісте жүрген, қоғам сұранысына сай білімді, шығармашыл ұстаздарымыздың қатары көбейе берсін!