КҮШТІЛЕР САЙЫСЫ » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
март
2026
0

КҮШТІЛЕР САЙЫСЫ

КҮШТІЛЕР САЙЫСЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те 2026 жыл 11 наурыз күні дене шынықтыру пәні мұғалімі Дилмира Джаматова пән апталығында 1-“Ә,А,Б” сынып оқушыларының қатысуында “КҮШТІЛЕР САЙЫСЫ” атты қызықты спорттық сайыс ұйымдастырды.
Сайыс барысында оқушылар түрлі спорттық эстафеталарға қатысып, өздерінің ептілігі мен шапшаңдығын, күш-қуатын көрсетті. Балалар белсенді қатысып, командалық ойын арқылы ұйымшылдық пен достықтың үлгісін танытты.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және олардың дене дайындығын дамыту. Сайыс өте тартысты әрі көңілді өтіп, қатысушылар жақсы көңіл-күймен аяқтады. 💪🏃‍♂️
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2061971944659249/26242247328803577?locale=ru_RU
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2061971944659249/902395175938176?locale=ru_RU
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2061971944659249/26242247328803577?locale=ru_RU
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив