17
февраль
2026
"Сайыс сабақ"
"Сайыс сабақ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-тің өзбек тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зухрой Сидикметова (Захро Захро) 2026 жыл 17 ақпан күні 9-“В” сынып оқушылары қатысуында өзбек тілі мен әдебиеті пәні апталығында "Мақол – ҳаёт хулосаси, ибора – нутқ безаги” тақырыбында сайыс сабақ өткізді.
Сайыс сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестердің мағынасын терең түсінуіне ықпал ету, сөздік қорын байыту, шешендік қабілеттерін дамыту және ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру болды.
Сынып оқушылары екі топқа бөлінді: “Тафаккур” және “Ижодкор”. Әр топ өз атауына сай білім мен зеректік танытуға тырысты. Сайыс бірнеше кезеңнен тұрды. Сайыс барысында оқушылар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсетті. Әділқазылар алқасы әр кезеңді бағалап, нәтижесінде екі топ та жоғары деңгейде өнер көрсеткенін атап өтті.
Сабақ соңында оқушылар мақалдың – өмірдің айнасы, ал ибора – сөздің көркі екенін түсініп, ана тіліміздің байлығына тағы бір мәрте көз жеткізді.
Бұл сайыс сабақ оқушыларға ерекше әсер сыйлап, білімдерін шыңдауға, ой-өрістерін кеңейтуге үлкен мүмкіндік берді. Өзбек тілі мен әдебиеті пәні апталығының мәнін арттырған мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор іс-шара болды. 






