КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ
22
февраль
2026
0

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ

КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ҮСТЕМДІГІ – ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСТЫ ҚАҒИДАТЫ
Астана қаласында өткен «Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» тақырыбында сарапшылар диалогы барысында Қазақстан Республикасының Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев жаңа Конституция жобасындағы ұлттық және халықаралық құқықтың арақатынасы туралы сауалға жауап берді.
Министрдің айтуынша, Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет екені нақты көрсетілген. Ал 5-бапқа сәйкес, қолданыстағы құқық құрамына Конституция нормалары, соған сәйкес заңдар, Конституциялық және Жоғарғы Соттың нормативтік қаулылары, өзге де нормативтік құқықтық актілер мен халықаралық шарттық міндеттемелер кіреді.
Сонымен қатар, аса маңызды қағидат ретінде Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар екені және республика аумағында тікелей қолданылатыны атап өтілді. Бұл – ұлттық құқық жүйесінің берік негізін айқындайтын басты норма.
Министр 10-бапқа да ерекше тоқталып, Қазақстан халықаралық құқықтың қағидаттары мен нормаларын құрметтейтінін, бейбітшілік пен ынтымақтастық саясатын жүргізетінін, өзге мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау және халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу ұстанымдарын берік ұстанатынын жеткізді.
Осылайша, жаңа Конституция жобасы ұлттық құқықтың үстемдігін сақтай отырып, халықаралық құқық нормаларын құрметтеуге негізделген теңгерімді құқықтық модельді ұсынады. Бұл – құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтып, елдің тұрақты дамуына сенімді негіз қалыптастыратын маңызды қадам.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив