ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
21
февраль
2026
0

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қоғамдық кеңес мүшелерімен арнайы кездесу өткізді. Басқосу барысында ұлттық мүдде, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, дін саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жаңа Конституциялық реформа аясындағы өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды.
Кездесуде қала әкімінің орынбасары қоғамдағы тұрақтылық пен орнықты даму ұлттық құндылықтарды сақтау және заң үстемдігін нығайтудан басталатынын атап өтті.
— Жаңа Конституциялық реформа – ел болашағына бағытталған маңызды қадам. Ондағы өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтіп қана қоймай, ғылым мен білімнің дамуына нақты құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл – стратегиялық маңызы бар шешім, – деді Сәрсен Құранбек.
Жиын барысында қаладағы білім беру саласының қазіргі ахуалы, мектептердегі білім сапасы, педагог мәртебесі және ғылымды қолдау мәселелері жан-жақты қаралды. Қатысушылар ғылым мен білімге деген қоғамдық сұраныстың артып келе жатқанын, бұл бағытқа мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.
Конституциялық реформа аясында ғылым мен білімге конституциялық мәртебе берілуі – сала өкілдері үшін маңызды қадам екені айтылды. Қаржыландыру тетіктерін жетілдіру, ғылыми зерттеулерді қолдау және білім беру жүйесін дамытуға бағытталған жаңа мүмкіндіктер қарастырылғаны жеткізілді.
Сонымен қатар негізгі заң жобасында білім беру және ғылыми ұйымдарға академиялық еркіндік беру мәселесі де қамтылған. Бұл бастама оқу бағдарламаларын икемді қалыптастыруға, ғылыми ізденістер аясын кеңейтуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді деген пікір білдірілді.
Кездесу барысында қоғамдық кеңес мүшелерінің атқарған жұмыстары сараланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды. Қоғамдық кеңестің мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық диалогты қамтамасыз етудегі рөлі ерекше екені атап өтілді.
Жиын қорытындысында қатысушылар ұсыныстарын білдіріп, қоғамдық келісімді нығайту және реформаларды түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив