15
декабрь
2025
"Қазақстан- болашағым" эссе байқауы
"Қазақстан- болашағым" эссе байқауы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №2-05-4/8415-И хаты және Шымкент қаласы Білім басқармасының «Әдістемелік орталығының» 2025 жылғы 10 желтоқсандағы №33185 хатындағы тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, мектепте 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған іс-шараларды жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында
Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы
“Досбол LIKE” бағдарламасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 15 желтоқсан күні 8,9,10- сынып оқушылары арасында "Қазақстан болашағым" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Өзбек тілі және әдебиеті пәні мұғалімдері: Зухрой Сидикметова (Захро Захро), Наргиза Юлдашова
Байқаудың басты мақсаты – оқушылардың туған елге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, ой еркіндігін дамыту және өз пікірін сауатты түрде жеткізе білу дағдыларын жетілдіру.
Эссе байқауына белсене қатысқан оқушылар өз шығармаларында Отанның қадір-қасиеті, тәуелсіздіктің маңызы, ел болашағына деген жауапкершілік жайында терең ой қозғады.
Байқау қорытындысы бойынша үздік деп танылған оқушылар грамоталармен марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жас ұрпаққа елжандылық рухын сіңіру жолындағы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін құрметтеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту және азаматтық жауапкершілігін арттыру.

