02
март
2026
«Алғыс айту – ізгіліктің бастауы» Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы
«Алғыс айту – ізгіліктің бастауы»
Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы
“Досбол LIKE” бағдарламасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 1 наурыз “Алғыс айту” күніне орай 3-«Б» сынып оқушыларымен «Алғыс айту – ізгіліктің бастауы» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Сынып жетекшісі:Дилафруз Ачилова
Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға алғыс айтудың маңызын түсіндіру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, ризашылық сезімін қалыптастыру және мейірімділікке баулу.
Мұғалім Алғыс айту күнінің тарихына қысқаша тоқталып, оның еліміздегі бірлік пен татулықты насихаттайтын мереке екенін түсіндірді. Оқушылар алғыс сөзінің мәні мен маңызы туралы өз ойларымен бөлісті. «Алғыс дегеніміз не?», «Кімдерге алғыс айтуымыз керек?» деген сұрақтарға жауап беріп, өз пікірлерін ортаға салды.
Іс-шара барысында:
• «Алғыс ағашы» әдісі ұйымдастырылып, оқушылар түрлі-түсті жүрекшелерге өз алғыстарын жазып, тақтаға ілді.
• «Жылы сөз – жанға қуат» ойыны арқылы бір-біріне жақсы сөздер айтты.
• Оқушылар ата-анаға, ұстаздарға, достарына арналған алғыс өлеңдерін оқыды.
• «Мен кімге алғыс айтамын?» тақырыбында шағын әңгіме құрастырды.
Балалар алғыс айту арқылы адамдардың көңілі көтерілетінін, мейірімділік пен сыйластықтың артатынын түсінді. Тәрбие сағаты барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің ризашылық сезімдерін шынайы жеткізе білді.
Сабақ соңында «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы әр оқушы бүгінгі іс-шарадан алған әсерімен бөлісті. Көпшілігі ата-анасына, ұстазына және достарына жиі алғыс айтып жүру керектігін айтты.
Қорытындылай келе, «Алғыс айту – ізгіліктің бастауы» атты іс-шара оқушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға, ризашылық пен мейірімділік сезімдерін арттыруға ықпал етті.
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2052573722265738/2395342277651536?locale=ru_RU


