05
декабрь
2025
Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы
Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы
“Досбол LIKE” бағдарламасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жылы көркем еңбек пәнінен 2-“Ә” сынып оқушылары ата-аналары және сынып жетекшісі Нилуфар Ахмедованың көмегімен ұлттық қолөнер үлгілерін жасады. Сабақтың мақсаты – оқушыларды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, қолөнер арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға және еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Оқушылар сабақты ерекше қызығушылықпен орындап, кішкентай отау үлгілерін және түрлі қолөнер бұйымдарын жасады. Әр жұмыста балалардың өз қиялы мен еңбегінің нәтижесі көрінді. Ата-аналар да белсенді қатысып, балаларына қолдау көрсетіп отырды.
Бұл іс-шара оқушылардың шығармашылық дағдыларын дамытып қана қоймай, отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.


