«Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильм » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильм
02
март
2026
0

«Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильм

«Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильм
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 5 ақпандағы № 3-05-4/860-И хатына сәйкес
  Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те 2026 жыл 2 наурыз күні 8-А,Б,В,Г сынып оқушыларына «Кітап бетбелгілері емес» және «Хулиганка» қысқаметражды деректі фильмдерінің пилоттық көрсетілімі ұйымдастырылды.
   Аталған фильмдердің көрсетілімінің мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, буллингтің, ерте жүктіліктің, зиянды әдеттердің алдын алу, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
   Көрсетілім барысында оқушылар қоғамдағы өзекті мәселелер төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Фильм мазмұны арқылы жасөспірімдердің өмірлік таңдауы, достық, отбасы құндылығы, заң алдындағы жауапкершілік тақырыптары кеңінен талқыланды.
    Іс-шара соңында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға қауіпсіз мінез-құлық, өзін-өзі қорғау және қиын жағдайларда дұрыс шешім қабылдау жолдары жөнінде ұсыныстар берілді.
  Мақсаты – саналы, жауапты, құқықтық мәдениеті жоғары тұлға қалыптастыру.
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2054031098786667/1449450150208420?locale=ru_RU
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2054031098786667/3064383970422173?locale=ru_RU
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2054031098786667/2087995252140170?locale=ru_RU
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив