12
январь
2026
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП
І ауысым жиналыс
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің 2025 жылғы 9 желтоқсандағы №21-1-21-5/8388-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 29.12.2025 жылғы №10-08-07/8379 хатын сәйкес Балалардың құқықтарын қорғауды күшейту жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып «Заң және тәртіп» бағытында қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру мақсатында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 12 қаңтар күні мектеп директоры Раъно Эркиновна Сайрамбаева, ДТЖЖО Дилшад Нуралиев, Дилмира Джаматовалар, ОІЖДО Абдували Абдазимов, мектеп педагог-психологтары Камила Каримбаевна Халметова, Nargiza Narmetovaлар және сынып жетекшілерінің басшылығында 8,9,10,11-сынып оқушыларымен “ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны, жолда жүру ережелерін сақтау, газдан улану мен өрт қауіпсіздігі, сабаққа кешікпеу, ұялы телефонды мектепке алып келмеу талаптары, сондай-ақ аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету және жауапты, тәртіпті тұлға қалыптастыру.








