08
декабрь
2025
”Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет”
”Құқықбұзушылықтың алдын алу - басты міндет”
Оқушылармен апталық жиналыс.
ІІ ауысым.
Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы
“Досбол LIKE” бағдарламасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 8 желтоқсан күні ДТЖЖО Дилмира Джаматова, Султанбай Юнусалиев, мектеп педагог-психологтары Камила Каримбаевна Халметова, Nargiza Narmetovaлар, аға- тәлімгер Ширин Миромаровалардың ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандардың арасындағы және оларға қарсы жасалған құқықбұзушылықтардың, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу, зорлық-зомбылықтың, жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстардың профилактикасы, ертежүктілік, өзіне-өзі қол жұмсау фактилерін болдырмау, мектепке ұялы телефон алып келмеу, сабаққа кешікпеу, газдан ұлану, көк тайғақ кезіндегі қауіпсіздік ережесі, абайлаңыз бағдаршам, буллинг, кибербуллинг және өмір қауіпсіздігін сақтау, мақсатында 5,6,7-сынып оқушыларымен жалпы жиналыс өткізілді.
Мектеп – білім алатын, тәрбиеленетін әрі қауіпсіздік бірінші орында тұратын орта. Сол себепті төмендегі заттарды мектепке әкелуге қатаң тыйым салынады:
• Темекі және темекі өнімдері
• Насвай
• Суық қару түрлері (пышақ және басқа да өткір, қауіпті заттар)
• Діни сипаттағы заттар (тасбих және т.б.)
Бұл ереже — мектептегі қауіпсіздікті сақтау, тәртіпті нығайту және барлық оқушылар үшін қолайлы білім ортасын қалыптастыру мақсатында енгізілген.
Ережені бұзған жағдайда тиісті шаралар қолданылатынын ескертті.
Жиналыс барысында аталған мәселелерге толығымен тоқталып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.



