“Алишер Навоий -маънавиятимиз уммони” әдеби кеш » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Алишер Навоий -маънавиятимиз уммони” әдеби кеш
16
февраль
2026
0

“Алишер Навоий -маънавиятимиз уммони” әдеби кеш

“Алишер Навоий -маънавиятимиз уммони” әдеби кеш
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те 2026 жыл 16 ақпан күні ӨЗБЕК ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ пән ӘБ мүшелері басшылығында, “Алишер Навоий -маънавиятимиз уммони” тақырыбында әдеби кеш болып өтті. 
ӘБ жетекшісі: Наргиза Юлдашова
  Кеш шымылдығы ақынның ғазалдарымен ашылып, оқушылар оның жүрекке жетер жырларын мәнерлеп оқыды. Әсіресе, махаббат, адамгершілік, білім мен парасат туралы жазылған өлең жолдары көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Оқушылар ақынның нақыл сөздерін жатқа айтып, оның тәрбиелік мәні зор ой-тұжырымдарын кеңінен талқылады.
Іс-шара барысында Хамса шығармасынан үзінділер сахналанып, кейіпкерлер бейнесі арқылы ақынның терең философиялық ойлары көрініс тапты. Сондай-ақ, ақынның өмір жолына арналған танымдық бейнеролик көрсетіліп, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде ақынның шығармалары, қанатты сөздері мен тарихи деректер ұсынылды.
Кеш барысында ұлттық әндер шырқалып, би биленіп, рухани атмосфера ерекше сән-салтанатпен өрбіді. Оқушылардың өнері мен шығармашылық қабілеттері көпшілік тарапынан жоғары бағаланды.
Әдеби кеш жоғары деңгейде өтіп, қатысушыларға рухани азық сыйлады. Бұл шара жас ұрпақтың ұлттық құндылықтарды қадірлеуіне, ана тілі мен әдебиетіне деген құрметін арттыруға зор үлес қосты.
[media=https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2042484663274644/1576866480235982?locale=ru_RU]
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2042484663274644/1627308725384266?locale=ru_RU
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив