20
февраль
2026
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА БІРПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОНСТИТУЦИЯСЫНДАҒЫ ЖАҢА БІРПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТТІҢ ҚҰРЫЛУЫ
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекеттік билік жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды өзгерістердің бірі – жаңа бірпалаталы Парламенттің құрылуы болып табылады. Бұл құрылым Құрылтай негізінде қалыптастырылып, заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жаңа бірпалаталы Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Бұл депутаттар заң шығару процесіне қатысып, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға жауапты болады. Сонымен қатар депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болып белгіленген, бұл олардың тұрақты әрі жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Парламентті қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе саяси партиялардың сайлау процесіне белсенді қатысуына және олардың өкілдік мүмкіндіктерінің кеңеюіне жағдай жасайды. Пропорционалды сайлау жүйесі партиялардың кадрлық саясатын дамытуға ықпал етіп, олардың институционалдық рөлін арттыруға мүмкіндік береді.
