«Қамқоршылық кеңесі» төрағасын, хатшысын тағайындау.
«Хамза атындағы № 108 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-сі
«Қамқоршылық кеңесі» отырысының
ХАТТАМАСЫ №1
қ.Шымкент 10.02.2023 жыл
КҮН ТӘРТІБІ:
- «Қамқоршылық кеңесі» төрағасын, хатшысын тағайындау.
- «Қамқоршылық кеңесі»-нің жаңа құрамымен таныстыру.
- Мектеп директоры Н.А.Имамсидиковтың есебі.
- Түрлі мәселелер.
ТЫҢДАЛДЫ:
Бірінші мәселе бойынша «Қамқоршылық кеңесі» мүшелерінен А.Абдазимов сөзге шығып, кеңес құрамы Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Ж.А.Тажиеваның 10.02.2023 жылғы №64 бұйрығының №112 қосымшасы негізінде тізім бекітіліп берілгендігін айтты. Сол себепті кеңес төрағасын жаңадан сайлау керектігі және сайлау үшін дауыс беруді ортаға салды және қатысушылар төраға етіп «ACCA-GROUP» ЖШС директоры Артуков Анвар Агзамовичты тағайындады. Ендігі кезекте кеңес хатшысын сайлау керектігі айтып өтілді. Кеңес мүшелері ақылдаса келе, хатшылыққа мектептің әлеуметтік педагогы Г.Рахимованы тағайындауды келісті. Кеңес хатшысына «Қамқоршылық кеңесі» отырыстарының ұйымдастырылуы және құжаттарының уақытылы орындалуы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру міндеттері жүктелуі айтып өтілді.
Екінші мәселе бойынша «Қамқоршылық кеңесі» төрағасы А.Артуков сөз алып, ҚББ-ның 10.02.2022 жылғы №64 бұйрығы негізінде кеңестің бекітілген жаңа құрамы бойынша таныстырып өтті.
Үшінші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Джаматов сөзге шығып, тамыз айынан желтоқсан айына дейінгі қамқоршылық бағытында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді:
10.08.2022 жыл- «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» әлеуметтік көмекті қажет ететін жағдайы төмен отбасыдан шыққан 200 оқушының ата–анасының өтініштері қанағаттандырылls. «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» берілетін қаржылай көмек алатын оқушылардың тізімі жасалынды, мектеп бас бухгалтеріне тапсырылды.
25.08.2022 жыл - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес көмекті қажет ететін отбасыларға «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» аз қамтамасыз етілген және күн көрісі төмен отбасы балаларына материалдық көмек алған оқушыларға қосымша қаржы қарастырылып, 200 оқушы ата-аналарының есеп шоттарына қосымша 2389 теңгеден ақша аударылды.
31.08.2022 жыл - 2022-2023 оқу жылының 01.09-30.12.2022 жыл аралығына мемлекет тарапынан ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылардың тізімі бекітілді. Тамақтануды ұйымдастыру жұмысының сапалы және жүйелі жүргізілуін бақылау, бракеражды комиссия құру, жауапты етіп тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Сайрамбаеваға жүктелді. Ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушыларға тамаққа берілетін түбіртектерді беру, мектеп асханасына кестеге сәйкес баруын, уақытылы тамақтануын қадағалау, отбасылардың, балалардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын бақылау, тамақтану табелін кестеге сәйкес бас есепшіге тапсыру әлеуметтік педагог Г.Рахимоваға жүктелді.
19.10.2022 жыл - «Жалпыға міндетті білім қорынан» бөлінген қаржы тарапынан тегін ыстық тамақ ішетін 4-«Б» сынып оқушысы Гафурова Дурдона Бекмурадовнаның мектептен басқа мектепке ауысуына байланысты, орнына 9- «Г» сынып оқушысы Султанбоев Атхамжон Шавкатжанович тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік педагог Г.Рахимова жоғарыда аталған оқушының құжаттарын дайындап, уақтылы тамаққа жіберу міндеті жүктелді.
04.11.2022 жыл - «Жалпыға міндетті білім қорынан» бөлінген қаржы тарапынан тегін ыстық тамақ ішетін 3-«А» сынып оқушысы Эргашваева Зухра Мухамадалиевнаның басқа мектепке ауысуына байланысты орнына 5- «Б» сынып оқушысы Муратбаева Дурдона Фуркатовна және 3-«А» сынып оқушысы Эргашваева Потима Мухамадалиевнаның басқа мектепке ауысуына байланысты орнына 6- «Б» сынып оқушысы Артукваев Абдулазиз Азимжоновичтар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
22.11.2022 жыл - «Жалпыға міндетті білім қорынан» бөлінген қаржы тарапынан тегін ыстық тамақ ішетін 5-«Г» сынып оқушысы Мирсултанова Маржона Муроджоновнаның басқа мектепке ауысуына байланысты орнына 5- «В» сынып оқушысы Хаитметова Райхона Едгаровна және 7-«Б» сынып оқушысы Мирсултанова Ширин Муроджоновнаның басқа мектепке ауысуына байланысты орнына 7- «Г» сынып оқушысы Хайтметова Рухшона Едгаровналар тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Әлеуметтік педагог Г.Рахимова жоғарыда аталған оқушының құжаттарын дайындап, уақтылы тамаққа жіберу міндеті жүктелді.
13.12.2022 жыл - «Жалпыға міндетті білім қорынан» қамқорлықтағы, аз қамтылған, көп балалы отбасыдан шыққан оқушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсету мақсатында Президенттік шыршаға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 ақпандағы №255 «Аз қамтамасыз етілген отбасыдан шыққан оқушылар мен әлеуметтік қорғансыз қалған оқушыларға бөлінген қаржы шығысынан қаржылай және материалдық көмек көрсету жөнінідегі Ережені бекіту туралы» қаулыны негізге ала отырып, Шымкент қаласы білім басқармасының 12.12.2022 жылғы №10-07-07/7764 шығыс хатын басшылыққа ала отырып, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларға «Жалпыға міндетті білім беру қорынан» қаржылай көмек көрсетілетіндігі туралы жиналыс өткізілді. Президенттік шыршаға қорғаншылықтағы Апизова Насиба Мухуддиновнаның құжаты жинақталып тізімі жасалды. Бөлінетін қаржы оқушының заңды өкілінің Халық банкіндегі есеп шотына аударылды.
06.01.2023 жыл - 2022-2023 оқу жылының 09.01-31.05.2023 жыл аралығына мемлекет тарапынан ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылардың тізімі бекітілді. Тамақтануды ұйымдастыру жұмысының сапалы және жүйелі жүргізілуін бақылау, бракеражды комиссия құру, жауапты етіп тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Сайрамбаеваға жүктелді. Ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушыларға тамаққа берілетін түбіртектерді беру, мектеп асханасына кестеге сәйкес баруын, уақытылы тамақтануын қадағалау, отбасылардың, балалардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын бақылау, тамақтану табелін кестеге сәйкес бас есепшіге тапсыру әлеуметтік педагог Г.Рахимоваға жүктелді.
01.02.2023 жыл - 2022-2023 оқу жылының 02.02-31.05.2023 жыл аралығына мемлекет тарапынан ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылардың тізімі бекітілді. Тамақтануды ұйымдастыру жұмысының сапалы және жүйелі жүргізілуін бақылау, бракеражды комиссия құру, жауапты етіп тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Р.Сайрамбаеваға жүктелді. Тегін ыстық тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушыларға тамаққа берілетін QR кодтарды беру, мектеп асханасына кестеге сәйкес баруын, уақытылы тамақтануын қадағалау, балалардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын бақылау, тамақтану табелін кестеге сәйкес бас есепшіге тапсыру әлеуметтік педагог Г.Рахимоваға жүктелді.
ҚАУЛЫ ЕТІЛДІ:
- «Қамқоршылық кеңесі» құрамының жұмысы жандандырылсын.
- «Қамқоршылық кеңесі» хатшысы болып мектептің әлеуметтік педагогы Г.Ж.Рахимова тағайындалсын.
- Мектеп директоры Н.А.Имамсидиковтың есебі «жақсы» деп танылсын.
«Қамқоршылық кеңесі» төрағасы: А.Артуков
Хатшы: Г.Рахимова