03
декабрь
2025
⚜️ҚЫЗДАР ЖИНАЛЫСЫ
Кәмелетке толмаған қыздардың жауапкершілігі: заң талаптары және құқықтық міндеттер.
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 3 желтоқсан күні “Кәмелетке толмаған қыздардың жауапкершілігі: заң талаптары және құқықтық міндеттер”, Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ДТЖЖО Дилмира Джаматова және мектеп педагог-психологтары Камила Каримбаевна Халметова, Nargiza Narmetovaлардың ұйымдастыруымен 8,9,10,11- сынып қыздар арасында жиналыс болып өтті.
Жиналыстың мақсаты:
Жиналыс барысында мектеп қыздарына
1.Форма сақтауға не кедергі?
2. Мектеп оқушысы қандай болуы қажет?
3 .Кыздар арасында бөліну дұрыспа?
4. Жеке бас гигиенасы туралы не айтамыз?
5. Ерте жүктіліктің алдын алу
6.Сабақ уақытында әшекей бұйымдар тағуға бола ма?
7. Буллинг, кибербуллинг, мектепке ұялы телефон алып келу не үшін қажет?
8. Сайттарға сүреттерін салу дұрыс па?
Берілген тақырыптар бойынша әр сынып қыздары өз ойларын ортаға салып талқылады.
Кәмелетке толмаған қыздардың құқықтық жауапкершілігі — олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қоғамдағы тәртіпті сақтауға және жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған.
Әрбір қыз бала өз құқығын да, өз міндетін де білуі тиіс. Заңды түсініп, тәртіпті сақтай білген қыз — өз болашағына жауапкершілікпен қарайтын тұлға.


