02
декабрь
2025
ТҰМАУДЫҢ АЛДЫН АЛУ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 2 желтоқсан күні мектеп мед.бикесі Шахида Саттарханова тарапынан “Тұмаудың алдын алу”тақырыбы бойынша 4-сынып оқушылары арасында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сабақ барысында оқушыларға тұмаудың белгілері, оның жұғу жолдары, одан сақтану шаралары туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар қол жуу ережелері, жеке гигиенаны сақтау, дәруменге бай тағамдарды пайдалану және жылы киіну қажеттілігі түсіндірілді. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Іс-шараның мақсаты — балалардың денсаулығын қорғау және тұмаудың алдын алу дағдыларын қалыптастыру болды.
ТҰМАУДАН САҚТАН!
Тұмау — тез таралатын жұқпалы ауру. Өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін қарапайым ережелерді ұмытпа!
• Қолыңызды жиі сабындап жуыңыз.
• Сыныпта терезені ашып, ауаны таза ұстаңыз.
• Жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңызды беторамалмен жабыңыз.
• Дұрыс тамақтанып, дәруменге бай тағамдар жеңіз.
• Аяқты жылы ұстап, жылы киініңіз.
• Науқас адамдармен жақын араласпауға тырысыңыз.
• Әлсіздік немесе қызу көтерілсе, бірден дәрігерге жүгініңіз.
Денсаулық — ең қымбат байлық. Тұмаудан сақтану — өз қолыңда!



