1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні! » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні!
01
декабрь
2025
0

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні!

1 желтоқсан – Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 1 желтоқсан күні 8-“А,Б,В,Г” сынып жетекшілері Нилуфар Азаметова, Гулноза Жахангировна, Хуршида Тажибаева, Юлдуз Шопулатовалар ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған ақпараттық-сауықтыру іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар мен қоғамның ЖИТС/АИТВ туралы сауаттылығын арттыру, алдын алу жолдары туралы нақты әрі сенімді ақпарат беру, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында:
✔ АИТВ инфекциясының таралу жолдары, аурудың алдын алу тәсілдері және ерте диагностика жасаудың маңызы түсіндірілді.
✔ Қатысушыларға тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, мамандармен ашық сұхбат жүргізілді.
✔ «Өмір – сенің қолыңда» тақырыбында пікірталас ұйымдастырылып, жастар белсенді түрде өз ойларымен бөлісті.
Бұл күн – тек ақпарат алу ғана емес, қоғамдағы стигма мен қате түсініктерді жоюға бағытталған маңызды қадам. Әр адам өз денсаулығына жауапты екенін түсініп, қауіпсіздік ережелерін сақтауы – ЖИТС-тің алдын алудағы басты құрал.
Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив