05
декабрь
2025
"Сайыс сабақ"
"Сайыс сабақ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-тің география пәні мұғалімі Хилола Султанмуратова 2025 жыл 5 желтоқсан күні 9- сынып оқушылары қатысуында тарих-география онкүндік барысында география пәнінен “Білгір географ" тақырыбында сайыс сабақ өткізді.
Мақсаты: •Оқушылардың география пәніне қызығушылығын арттыру;
• Географиялық білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;
• Құрлықтар, мемлекеттер, табиғи аймақтар жөніндегі білімдерін тереңдету;
• Карта және атласпен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру;
• Топпен жұмыс істеуге, бір-бірін тыңдай білуге және өз ойын дәлелдеп жеткізуге тәрбиелеу;
• Отансүйгіштік қасиеттерін нығайту, туған жер табиғатын құрметтеуге баулу.
Сабақ өте қызықты және креативті өтті. Қазылар алқасы жеңімпаз болған команданы, қарсылас командаларды марапаттап өтті.



