02
декабрь
2025
"Ашық сабақ"
"Ашық сабақ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-тің тарих пәні мұғалімі Юлдуз Шопулатова 2025 жыл 1 желтоқсан күні 8-“Г” сынып оқушылары қатысуында тарих-география онкүндік барысында Қазақстан тарихы пәнінен "ӘСКЕРИ КОММУНИЗМ. 1921 жыл: ашаршылық және жұт жылдары" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Мақсаты: • Қазақстандағы Әскери коммунизм саясатының мәнін, мақсатын және жүргізілу себептерін түсіндіру;
• 1921 жылғы ашаршылық пен оның себеп-салдарын, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау.
• Оқушылардың тарихи деректермен жұмыс істеу, салыстыру, талдау және қорытынды жасау дағдыларын дамыту;
• Ойлау қабілетін, деректерді жүйелеу және пікір білдіру мәдениетін жетілдіру.
• Тарихи оқиғалар арқылы елдің өткенін құрметтеуге, адамгершілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу;
• Ашаршылық кезеңінде халық бастан кешкен қиындықтарға түсіністікпен қарауға, бейбіт өмірдің қадірін бағалауға баулу.



