

ХАБАРЛАНДЫРУ!
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА!

Құрметті ата-аналар!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 ЖОББМ-те “Жаңа жыл” мерекесіне байланысты:

аниматорлар, мерекелік агенттіктер мен жеке студияларды шақыруға;

ақша жинауға;

сыйлық беру немесе алуға;

сән-салтанатты іс-шаралар ұйымдастыруға қатаң тыйым салынады.
Аталған талаптарды бұзу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.

Ұстаздар үшін ең үлкен сый — оқушылардың аман-саулығы, сапалы білімі және ата-аналармен орнаған өзара сенім мен сыйластық.

Заң талаптарын сақтап, балаларымыз үшін қауіпсіз әрі тәрбиелік мәні жоғары орта қалыптастырайық.
Құрметпен, Хамза атындағы №108 ЖОББМ әкімшілігі.