26
февраль
2026
“Менің уайымым” психологиялық тренинг
“Менің уайымым” психологиялық тренинг
Шымкент қаласы білім басқармасының “психологиялық қолдау орталығы” жылдық жоспарына сәйкес тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 23–27 ақпан күндері «Психологиялық денсаулық апталығы» өткізу, “№73” 20.02.2026 жылғы хатына сәйкес,
Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы
“Досбол LIKE” бағдарламасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 26 ақпан күні мектеп педагог-психологтары Камила Каримбаевна Халметова және Nargiza Narmetovaлар “Психологиялық денсаулық апталығының» жоспарына сәйкес 11- сынып оқушыларымен “Менің уайымым” тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – білім алушылардың ҰБТ алдындағы мазасыздық деңгейін төмендету, уайым мен қорқыныштың себептерін анықтау, жағымды ойлау дағдыларын қалыптастыру және психологиялық қолдау көрсету.
Тренинг барысында оқушылармен сенімді, ашық атмосфера орнату мақсатында «Шаттық шеңбері» жаттығуы ұйымдастырылды. Әр оқушы өз есімімен қатар, ҰБТ-ға байланысты бір үмітін немесе тілегін айтты. Бұл жаттығу сыныпта қолдау сезімін қалыптастырып, бір-біріне деген сенімді арттырды.
Негізгі бөлімде «Менің уайымым» атты рефлексиялық жұмыс жүргізілді. Оқушыларға парақтар таратылып, олар өздерінің ішкі уайымдарын, қорқыныштарын жасырмай жазды. Көпшілік оқушылар уақыттың жетпеуі, төмен балл жинап қалу, ата-ана үмітін ақтай алмау, болашақ мамандық таңдауға байланысты сенімсіздік сияқты ойлар мазалайтынын жеткізді.
Келесі кезеңде «Уайымды басқару» жаттығуы өткізілді. Оқушылар жазған уайымдарын дауыстап оқып, оларды екі топқа бөлді:
– Менің қолымнан келетін нәрсе;
– Менің қолымнан келмейтін нәрсе.
Осы арқылы білім алушылар өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарап, бақылауға болатын факторларға назар аударудың маңызын түсінді.
Тренинг соңында «Мен өзіме сенемін» атты аффирмациялық шеңбер ұйымдастырылып, әр оқушы өзіне жігер беретін бір сөйлем айтты. Бұл кезең оқушылардың сенімділігін арттырып, жағымды көңіл күй сыйлады.
Қорытындылай келе, тренинг барысында 11-сынып оқушылары өз уайымдарын ашық айтып, оларды басқару жолдарын үйренді. Іс-шара білім алушылардың психологиялық тұрақтылығын нығайтып, ҰБТ-ға сенімділікпен баруына ықпал етті.



