24
февраль
2026
“ЖАУАПТЫ ТАҢДАУ” психологиялық жаттығу
“ЖАУАПТЫ ТАҢДАУ” психологиялық жаттығу
Шымкент қаласы білім басқармасының “психологиялық қолдау орталығы” жылдық жоспарына сәйкес тапсырмасына сәйкес, білім беру ұйымдарында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында 2026 жылғы 23–27 ақпан күндері «Психологиялық денсаулық апталығы» өткізу, “№73” 20.02.2026 жылғы хатына сәйкес,
Адал азамат: біртұтас тәрбие бағдарламасы
“Досбол LIKE” бағдарламасы аясында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 24 ақпан күні мектеп педагог-психологтары Камила Каримбаевна Халметова және Nargiza Narmetovaлар “ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ АПТАЛЫҒЫНЫҢ» жоспарына сәйкес 5-6 сынып оқушыларымен «ЖАУАПТЫ ТАҢДАУ” тақырыбында психологиялық жаттығу өткізді.
Мақсаты:
– Оқушыларға дұрыс және саналы шешім қабылдаудың маңызын түсіндіру;
– Жауапкершілік сезімін қалыптастыру;
– Қиын жағдайларда өз әрекетінің салдарын ойлай білуге үйрету;
– Өзіндік пікірін білдіру және таңдау жасау дағдыларын дамыту;
– Құрдастар ықпалына қарсы тұра алу қабілетін арттыру.



