14
март
2026
🎊”ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!🎊
“Vatandoshlar” қоғамдық қоры ұлы ойшыл, өзбек әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын, ойшыл және мемлекет қайраткері Әлішер Науаиның туғанына 585 жыл толуына орай шығармашылық жұмыстар байқауын өткізді.
Байқау 5 бағыт бойынша өтті:
• Өлең (назм)
• Ән (наво)
• Сахналық шығармашылық
• Эссе жазу
• Бейнелеу өнері
Байқауға 7 жастан 14 жасқа дейін, 15 жастан 30 жасқа дейін, сондай-ақ 30 жастан жоғары жас санатындағы қатысушылар қатысты.
Осы аталмыш байқауға Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББ мектебіміздің оқушылары мен ұстаздары қатысып, жақсы нәтиже көрсетті.
Аталған байқауда 5-“В” сынып оқушысы Фархатова София «Бейнелеу өнері» бағыты бойынша қатысып, III орын иеленді.
Жетекшісі: Абдикаимова Заҳира.
Сонымен қатар, байқауға белсенді қатысқаны үшін Абдикаимова Заҳира, Давранбаева Мадина, Давранбаева Маржона, Артикшикова Барчиной “Vatandoshlar jamoat fondі” қоры тарапынан сертификаттармен марапатталды.



