13
март
2026
"Сайыс сабақ"
"Сайыс сабақ"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те 2026 жыл 13 наурыз күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дилфуза Талиббекова 5-“Б” сынып оқушылары қатысуында педагог-зерттеушілер апталығы барысында “ Ана – өмірдің шуағы, ұстаз – білім бұлағы” тақырыбында сайыс сабақ ұйымдастырды.
Сайыс сабақтың мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметін арттыру, ұстазға деген алғысын білдіру, олардың бойында адамгершілік пен ізгілік қасиеттерін қалыптастыру.
Іс-шара барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша өз өнерлерін көрсетті. Олар ана мен ұстаз туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, танымдық сұрақтарға жауап беріп, шығармашылық тапсырмаларды орындады. Сондай-ақ оқушылар өздерінің дайындаған көріністерін көрсетіп, ән айтып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сайыс барысында оқушылардың білімдері мен тапқырлықтары, шығармашылық қабілеттері ерекше байқалды. Әр кезеңде оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
Сайыс сабақ өте тартымды әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті. Оқушылар анаға деген сүйіспеншіліктерін, ұстазға деген құрметтерін білдіріп, шара соңында белсенді қатысқан оқушылар марапатталды.
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2063106401212470/1321878043113179https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2063106401212470/1688223462549562


