22
декабрь
2025
🎄«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!»🎄
Сүрет байқауы
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 6-бабының 3-тармағына сәйкес, халықтың баға жетпес игілігі болып табылатын бірлік пен келісімді, балалар ортасында бірлік пен достықты қалыптастыру, патриоттық атмосфера орнатып, қайталанбас естеліктер қалыптастыру мақсатында «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» тақырыбында жаңа жылдық шырша мерекесіне арналған іс-шаралар 2025 жылғы 22–26 желтоқсан аралығында ұйымдастырылуына байланысты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 22 желтоқсан күні ДТЖЖО Дилшад Нуралиев, Дилмира Джаматовалардың басшылығында 1-11 сынып оқушылары арасында
«Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!»
атты сүрет байқауы ұйымдастырылды.
Мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, қиялы мен көркем ойлауын шыңдау.
Сонымен қатар, жаңа жыл мерекесіне деген қызығушылығын арттыру, мерекелік көңіл күй сыйлау, оқушыларды белсенділікке, ізденіске және өнерге баулу, талантты балаларды анықтап, қолдау болып табылады.









