18
март
2025
Сайрамбаева Раъно Эркиновна

Өмірбаяны[spoiler][/spoiler]
Сайрамбаева Раъно Эркиновна - 1985 жылы 28 шілде күні Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Сайрам ауылында дүниеге келген. 1991-2002 жылдар арасында №1 Каленин атындағы мектепте оқып, аталған мектепті «Үздік куәлікпен» бітіріп шықты. 2002 жылы «Шымкент Университетіне» химия-биология мамандығы бойынша оқуға түсіп 2006 жылы «Үздік дипломмен» бітіріп шықты. 2007 жылы №23 Хамза атындағы жалпы орта мектепке информатика кабинеті зертханашысы болып жұмысқа қабылданды. 2010 жылы 01 қазан күнінен бастап аталған мектепте әлеуметтік педагог және биология пәні мұғалімі қызметіне ауысты. 2017 жылы қыркүйек айынан бастап Хамза атындағы №108 жалпы орта мектептің тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасары болып тағайындалды. 2025 жылдың 04 наурызынан бастап Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебінің директор лауазымына конкурс қорытындысының оң нәтижесі негізінде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 30-бабының 1-тармағы 2)-тармақшасына, 33, 34, 36-баптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің «Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығына сәйкес тағайындалды.