“Жол ережесін білемізбе?”, “Оқушы және автокөлік”. » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жол ережесін білемізбе?”, “Оқушы және автокөлік”.
29
декабрь
2025
0

“Жол ережесін білемізбе?”, “Оқушы және автокөлік”.

“Жол ережесін білемізбе?”, “Оқушы және автокөлік”.
      «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №05-1-05-4/8636-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 22.12.2025 жылғы №10-08-07/8210 хатын сәйкес мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар «Заң және тәртіп» бағытында өткізуіне байланысты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 29 желтоқсан күні мектепте қысқы каникул кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Жол ережесін білеміз бе?”, “Оқушы және автокөлік” тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргінші ретінде көшеде дұрыс жүріп-тұру, жол белгілерінің мағынасы, бағдаршам сигналдары және жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қыс мезгілінде жолдың тайғақ болуына байланысты кездесетін қауіп-қатерлер, автокөліктердің тежелу қашықтығы ұзаруы мүмкін екені айтылып, сақтық шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді.
“Оқушы және автокөлік” тақырыбында балаларға көліктің алдынан немесе артынан жүгіріп өтпеу, ойын ойнау үшін жол жиегін таңдамау, ересектердің бақылауынсыз көшеге шықпау, қоғамдық көлікте өзін дұрыс ұстау тәртібі туралы нақты мысалдар келтірілді.
Түсіндірме жұмыстары сұрақ-жауап, әңгімелесу және көрнекі материалдар арқылы өткізіліп, оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыруға бағытталды. Іс-шара соңында оқушыларға жол ережелерін күнделікті өмірде қатаң сақтау керектігі ескертіліп, олардың өмірі мен денсаулығы басты құндылық екені түсіндірілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив