31
декабрь
2025
«Жаңа жыл – жақсылық пен мейірім мерекесі»
«Жаңа жыл – жақсылық пен мейірім мерекесі»
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №05-1-05-4/8636-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 22.12.2025 жылғы №10-08-07/8210 хатын сәйкес мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар «Заң және тәртіп» бағытында өткізуіне байланысты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 31 желтоқсан күні қысқы каникул кезеңінде оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық пен қайырымдылық қасиеттерін қалыптастыру мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Аталған акция барысында мектеп ұжымы әлеуметтік қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек көрсетті. Сыйлықтар мен қажетті заттар мұқтаж жандарға табысталып, балалардың жүздеріне қуаныш пен шаттық сыйлады.
Іс-шара оқушыларды ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелеп, бір-біріне қолдау көрсетуге, қоғамға пайдалы болуға баулыды. Қайырымдылық акциясы жылы атмосферада өтіп, қатысушылардың жүрегіне мейірім мен жақсылық сезімін ұялатты.






