30
декабрь
2025
«Шебер қол — өнердің айнасы»
«Шебер қол — өнердің айнасы»
«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №05-1-05-4/8636-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 22.12.2025 жылғы №10-08-07/8210 хатын сәйкес мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар «Заң және тәртіп» бағытында өткізуіне байланысты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 30 желтоқсан күні мектепте қысқы каникул кезеңінде оқушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру мақсатында қолөнер бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Сабақ барысында оқушылар әртүрлі қолөнер бұйымдарын жасап, өз қиялдары мен шеберліктерін көрсете білді. Шеберлік сабақтары балалардың ұқыптылығын арттырып, эстетикалық талғамын қалыптастыруға ықпал етті.
Мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту, ұлттық және заманауи қолөнерге қызығушылығын арттыру, еңбекке баулу, бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізу.








