“Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары” » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары”
30
декабрь
2025
0

“Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары”

“Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары”
      «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №05-1-05-4/8636-И хатына сәйкес, Шымкент қаласы білім басқармасының 22.12.2025 жылғы №10-08-07/8210 хатын сәйкес мектеп оқушыларының қысқы демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын негізге алып, спорттық, мәдени және шығармашылық іс-шаралар «Заң және тәртіп» бағытында өткізуіне байланысты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2025 жыл 30 желтоқсан күні мектепте қысқы каникул кезеңінде 8,9,10,11-сынып  оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Қоғамдық көліктегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары тақырыптарында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргінші ретінде көшеде дұрыс жүріп-тұру, жол белгілерінің мағынасы, бағдаршам сигналдары және жаяу жүргіншілер өткелінен қауіпсіз өту жолдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар қыс мезгілінде жолдың тайғақ болуына байланысты кездесетін қауіп-қатерлер, автокөліктердің тежелу қашықтығы ұзаруы мүмкін екені айтылып, сақтық шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді.
Пиротехникалық бұйымдарды (петарда, фейерверк) қолдануға тыйым салынатыны және олардың адам өмірі мен денсаулығына қауіпті екені түсіндірілді.
Түсіндірме жұмыстары сұрақ-жауап, әңгімелесу және көрнекі материалдар арқылы өткізіліп, оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін арттыруға бағытталды. Іс-шара соңында оқушыларға жол ережелерін күнделікті өмірде қатаң сақтау керектігі ескертіліп, олардың өмірі мен денсаулығы басты құндылық екені түсіндірілді.
[media=https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2002693787253732/1573448150354322?locale=ru_RU]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив