ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
февраль
2026
0

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ
    Білім басқармасының Әдістемелік орталығы басқарманың 2026 жылғы 26 қаңтардағы №01-02/37 хатына сәйкес кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналары арасында қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, алаяқтық әрекеттердің алдын алу мақсатында кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттігін хабарлайды.
    Осыған орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 13 ақпан күні 10-“А” сынып жетекшісі Nazokat Abduraimova “ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ” тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырды.
   Банк карталарын, сондай-ақ олардың деректемелерін (PIN-код, CVV-код, SMS-кодтар және интернет-банкингке кіру мәліметтері) үшінші тұлғаларға беруге жол бермеу жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет екені түсіндірілді. Сондай-ақ алаяқтық әрекеттердің алдын алу, қаржылық қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы құқықтық және қаржылық жауапкершіліктің туындау қаупін болдырмау жөнінде білім беру.
   Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың атына рәсімделген банк карталарының заңсыз қаржылық операцияларға пайдаланылу деректері жиілеп отырғаны анықталуда. Мұндай жағдайлар балалар мен ата-аналар үшін құқықтық және қаржылық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертілді.
[media=https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2039059996950444/2125126614903578?locale=ru_RU]
[media=https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2039059996950444/2125126614903578?locale=ru_RU]
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив