18
февраль
2026
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ” «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
ақпараттық науқанын өткізу туралы
ҚР білім беру ұйымдарында білім алушылардың жеке шекарасын сақтау, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, психологиялық қысым мен қудалаудың (stalking) алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Білім басқармасының № 10-08-07/ 11771 13.02.2026 жылғы хатына сәйкес
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 18 ақпан күні Шымкент қаласы Қаратау ауданы КПБ бөлімше бастығы полиция подполковнигі Ж.Бейсенов, Шымкент ҚПД Қаратау АПБ ЖПҚБ полиция майоры Х.Манабаев, Қаратау АПБ ККБ ЮПБ аға инспекторы полиция майоры Н.Аманжолов, мектеп директорыРаъно Эркиновна Сайрамбаева, ДТЖЖО Дилшад Нуралиев, Дилмира Джаматова, мектептің педагог - ұйымдастырушысы Д.Азимшиқова, мектептің педагог – психологы К.Холметова, Н.Нарметовалардың басшылығында 8-11 сынып оқушыларына «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақ кепілі» тақырыбында жиналыс болып өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар, ораза уақытында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді. Атап айтқанда, кешкі уақытта жалғыз жүрмеу, ата-ананың рұқсатынсыз сыртта көп жүрмеу, түнгі мезгілде көпшілік орындарға бармау түсіндірілді. Тарабих намаздарына барған жағдайда міндетті түрде ата-анамен немесе ересек адаммен бірге бару керектігі айтылды.
Оқушыларға өз қауіпсіздігі – өз қолында екені және заң мен тәртіпті сақтау әрбір жасөспірімнің басты міндеті екені түсіндірілді.
– Оқушыларға жеке шекара ұғымын түсіндіру, оның маңыздылығын саналы түрде ұғындыру;
– Сталкинг (қудалау, аңду, мазалау) әрекеттерінің түрлері мен оның психологиялық және құқықтық салдары туралы ақпарат беру;
– Онлайн және офлайн ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту;
– Қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және көмекке жүгіну жолдарын үйрету;
– Өз-өзіне деген құрмет пен сенімділікті арттыру, жеке пікірін ашық білдіруге тәрбиелеу;
– Құқықтық сауаттылықты арттырып, зорлық-зомбылықтың алдын алу.


