17
февраль
2026
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ” Қыздар жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
Қыздар жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
ақпараттық науқанын өткізу туралы
ҚР білім беру ұйымдарында білім алушылардың жеке шекарасын сақтау, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, психологиялық қысым мен қудалаудың (stalking) алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 17 ақпан күні ДТЖЖО Дилмира Джаматова, мектеп педагог-психологтары Камила Каримбаевна Халметова, Nargiza Narmetovaлар және сынып жетекшілердың басшылығында “STOP STALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ” тақырыбында 8–9–10–11 сынып қыз балдарына арналған жиналыс өткізілді.
Мақсаты:
– Оқушыларға жеке шекара ұғымын түсіндіру, оның маңыздылығын саналы түрде ұғындыру;
– Сталкинг (қудалау, аңду, мазалау) әрекеттерінің түрлері мен оның психологиялық және құқықтық салдары туралы ақпарат беру;
– Қыз балалардың өз қауіпсіздігін қорғау дағдыларын қалыптастыру;
– Онлайн және офлайн ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту;
– Қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және көмекке жүгіну жолдарын үйрету;
– Өз-өзіне деген құрмет пен сенімділікті арттыру, жеке пікірін ашық білдіруге тәрбиелеу;
– Құқықтық сауаттылықты арттырып, зорлық-зомбылықтың алдын алу.
Жиналыстың басты мақсаты – жасөспірім қыздардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал ету, олардың жеке шекарасын қорғау мәдениетін қалыптастыру және өз құқықтарын білуге үйрету.

