19
февраль
2026
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ” «Құрмет пен қауіпсіздік: жеке шекараны қорғау жолдары» жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
«Құрмет пен қауіпсіздік: жеке шекараны қорғау жолдары» жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
ақпараттық науқанын өткізу туралы
ҚР білім беру ұйымдарында білім алушылардың жеке шекарасын сақтау, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, психологиялық қысым мен қудалаудың (stalking) алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Білім басқармасының № 10-08-07/ 11771 13.02.2026 жылғы хатына сәйкес
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 19 ақпан күні Қаратау ауданы прокуратурасының тергеу бөлімінің аға прокуроры Алтынбек Иманалиев, ДТЖЖО Дилшад Нуралиев, мектептің мектептің педагог – психологы Камила Каримбаевна Халметова, Nargiza Narmetovaлардың басшылығында 8-11 сынып оқушыларына «Құрмет пен қауіпсіздік: жеке шекараны қорғау жолдары» тақырыбында жиналыс болып өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар, ораза уақытында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді. Атап айтқанда, кешкі уақытта жалғыз жүрмеу, ата-ананың рұқсатынсыз сыртта көп жүрмеу, түнгі мезгілде көпшілік орындарға бармау түсіндірілді. Тарабих намаздарына барған жағдайда міндетті түрде ата-анамен немесе ересек адаммен бірге бару керектігі айтылды.
Оқушыларға өз қауіпсіздігі – өз қолында екені және заң мен тәртіпті сақтау әрбір жасөспірімнің басты міндеті екені түсіндірілді.
– Оқушыларға жеке шекара ұғымын түсіндіру, оның маңыздылығын саналы түрде ұғындыру;
– Сталкинг (қудалау, аңду, мазалау) әрекеттерінің түрлері мен оның психологиялық және құқықтық салдары туралы ақпарат беру;
– Онлайн және офлайн ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін дамыту;
– Қауіпті жағдайларда дұрыс шешім қабылдау және көмекке жүгіну жолдарын үйрету;
– Өз-өзіне деген құрмет пен сенімділікті арттыру, жеке пікірін ашық білдіруге тәрбиелеу;
– Құқықтық сауаттылықты арттырып, зорлық-зомбылықтың алдын алу.





