23
февраль
2026
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ” «Құрмет пен қауіпсіздік: жеке шекараны қорғау жолдары» жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
«Құрмет пен қауіпсіздік: жеке шекараны қорғау жолдары» жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
ақпараттық науқанын өткізу туралы
ҚР білім беру ұйымдарында білім алушылардың жеке шекарасын сақтау, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, психологиялық қысым мен қудалаудың (stalking) алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Білім басқармасының № 10-08-07/ 11771 13.02.2026 жылғы хатына сәйкес
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бекіткен «2026 жылғы 19 ақпан – 19 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтетін «РАМАЗАН АЙЫ» іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Nº 10-08-07/1354 19.02.2026 жылғы хатына сәйкес
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 23 ақпан күні ДТЖЖО Дилшад Нуралиев, мектептің педагог – психологтары Камила Каримбаевна Халметова, Nargiza Narmetovaлардың басшылығында 8,9,10,11- сынып оқушыларына «Құрмет пен қауіпсіздік: жеке шекараны қорғау жолдары» тақырыбында жиналыс болып өтті.
Мақсаты:
Оқушыларға заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сонымен қатар, ораза уақытында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді. Атап айтқанда, кешкі уақытта жалғыз жүрмеу, ата-ананың рұқсатынсыз сыртта көп жүрмеу, түнгі мезгілде көпшілік орындарға бармау түсіндірілді. Тарабих намаздарына барған жағдайда міндетті түрде ата-анамен бірге бару керектігі айтылды.
Жиналыстың негізгі мақсаты – білім алушылар арасында өз-өзіне зиян келтіру әрекеттерінің, буллинг пен кибербуллингтің, тұрмыстық және мектепішілік зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ психологиялық саулықты нығайту.
Іс-шара барысында оқушыларға:
• аутодеструктивті мінез-құлықтың түрлері (өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар, өзіне зиян келтіру, агрессия);
• оның туындау себептері (стресс, отбасылық қиындықтар, жалғыздық сезімі, әлеуметтік қысым);
• зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік, киберзорлық);
• заң алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған кезде мектеп психологтарына, сынып жетекшілеріне немесе сенім телефондарына жүгінудің маңыздылығы айтылды. Оқушыларға өз сезімдерін жасырмай, сенімді ересек адаммен бөлісу – әлсіздік емес, керісінше батылдық екені түсіндірілді.
Жиналыс барысында өмірдің құндылығы, әр баланың қоғам үшін маңызды тұлға екені ерекше атап өтілді. Мектеп пен ата-ана бірлесе отырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру – басты міндет екені айтылды.



