“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ” «Жеке шекара – әр адамның құқығы» жиналысы » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ” «Жеке шекара – әр адамның құқығы» жиналысы
23
февраль
2026
0

“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ” «Жеке шекара – әр адамның құқығы» жиналысы

“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
«Жеке шекара – әр адамның құқығы» жиналысы
“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ”
ақпараттық науқанын өткізу туралы
ҚР білім беру ұйымдарында білім алушылардың жеке шекарасын сақтау, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, психологиялық қысым мен қудалаудың (stalking) алдын алу, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында Білім басқармасының № 10-08-07/ 11771 13.02.2026 жылғы хатына сәйкес
   Шымкент қаласы әкімінің орынбасары бекіткен «2026 жылғы 19 ақпан – 19 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтетін «РАМАЗАН АЙЫ» іс-шаралар жоспарына» сәйкес, Nº 10-08-07/1354 19.02.2026 жылғы хатына сәйкес
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 23 ақпан күні ДТЖЖО Дилмира Джаматова, мектептің педагог – психологтарыКамила Каримбаевна Халметова, Nargiza Narmetovaлардың басшылығында 5,6,7- сынып оқушыларына «Жеке шекара – әр адамның құқығы» тақырыбында жиналыс болып өтті.
   Мақсаты:
    Оқушыларға заң мен тәртіптің маңызын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
    Бірінші кезекте, кәмелетке толмаған білім алушылардың ораза ұстауына жол бермеу, мектеп жасындағы балалардың ағзасы толық қалыптасу кезеңінде екенін ескере отырып, оқушылардың дұрыс тамақтануын және күн тәртібін сақтауын, сонымен қатар, ораза уақытында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі ескертілді. Атап айтқанда, кешкі уақытта жалғыз жүрмеу, ата-ананың рұқсатынсыз сыртта көп жүрмеу, түнгі мезгілде көпшілік орындарға бармау түсіндірілді. Тарабих намаздарына барған жағдайда міндетті түрде ата-анамен бірге бару керектігі айтылды.
    Жиналыстың негізгі мақсаты – білім алушылар арасында өз-өзіне зиян келтіру әрекеттерінің, буллинг пен кибербуллингтің, тұрмыстық және мектепішілік зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ психологиялық саулықты нығайту.
   Іс-шара барысында оқушыларға:
 • аутодеструктивті мінез-құлықтың түрлері (өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар, өзіне зиян келтіру, агрессия);
 • оның туындау себептері (стресс, отбасылық қиындықтар, жалғыздық сезімі, әлеуметтік қысым);
 • зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік, киберзорлық);
 • заң алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
  Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған кезде мектеп психологтарына, сынып жетекшілеріне немесе сенім телефондарына жүгінудің маңыздылығы айтылды. Оқушыларға өз сезімдерін жасырмай, сенімді ересек адаммен бөлісу – әлсіздік емес, керісінше батылдық екені түсіндірілді.
   Жиналыс барысында өмірдің құндылығы, әр баланың қоғам үшін маңызды тұлға екені ерекше атап өтілді. Мектеп пен ата-ана бірлесе отырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру – басты міндет екені айтылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив