«Ер бала – ел тірегі: жауапкершілік пен тәртіп негізі» » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ер бала – ел тірегі: жауапкершілік пен тәртіп негізі»
02
март
2026
0

«Ер бала – ел тірегі: жауапкершілік пен тәртіп негізі»

«Ер бала – ел тірегі: жауапкершілік пен тәртіп негізі»
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 2 наурыз күні 8-«Г» сыныбында «Ер бала – ел тірегі: жауапкершілік пен тәртіп негізі» тақырыбында ұл балалар арасында тәрбиелік бағыттағы жиналыс болып өтті. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасында кездесетін өзекті мәселелер жан-жақты талқыланды.
Сынып жетекшісі: Юлдуз Шопулатова
Жиналыс барысында жасөспірімдерге қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
   Алдымен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жүргізіліп, әрбір іс-әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі бар екені айтылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, мектеп ережелерін орындау – әр оқушының міндеті екені ескертілді.
    Сонымен қатар, ер балаға тән мінез-құлық, қыз баланы құрметтеу, өз іс-әрекетіне жауап беру, болашақты ойлап шешім қабылдау мәселелері қозғалды. Жасөспірім кезеңде саналы таңдау жасау, ар-намысты биік ұстау – нағыз азаматтың белгісі екені айтылды.
    Құмар ойындарға тәуелділік (лудомания), буллинг, телефонды дұрыс пайдаланбау мәселелері де талқыланып, олардың зияны түсіндірілді. Түнгі уақытта заңсыз жүрудің салдары және қауіпсіздік шаралары ескертілді.
    Қасиетті Ораза айына байланысты сабырлық, тәртіп, өзін-өзі бақылау және жақсы амал жасау жайында насихат айтылды. Тарабех намаздарына заңды өкілі болса ғана рұқсат етіледі, болмаған жағдайда рұқсат жоқтығы түсіндірілді.
 • аутодеструктивті мінез-құлықтың түрлері (өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар, өзіне зиян келтіру, агрессия);
 • оның туындау себептері (стресс, отбасылық қиындықтар, жалғыздық сезімі, әлеуметтік қысым);
 • зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік, киберзорлық);
 • заң алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
   Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған кезде мектеп психологтарына, сынып жетекшілеріне немесе сенім телефондарына жүгінудің маңыздылығы айтылды. Оқушыларға өз сезімдерін жасырмай, сенімді ересек адаммен бөлісу – әлсіздік емес, керісінше батылдық екені түсіндірілді.
    Буллинг мәселесі де назардан тыс қалмады. Ұлдар арасында бір-біріне құрметпен қарау, өсек-аяңнан аулақ болу, жанашырлық таныту және әлімжеттікке жол бермеу қажеттігі айтылды.
    Сондай-ақ, телефонды дұрыс пайдалану, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, артық уақыт жоғалтпау және кибербуллингтің алдын алу жөнінде кеңестер берілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив