Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ІІ ауысым жиналыс » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ІІ ауысым жиналыс
02
март
2026
0

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ІІ ауысым жиналыс

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу
ІІ ауысым жиналыс
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 2 наурыз күні ДТЖЖО Дилмира Джаматова, мектептің педагог – психологтары Камила Каримбаевна Халметова, Nargiza Narmetovа, сынып жетекшілерінің басшылығында 5,6,7- сынып оқушыларына «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс болып өтті.
  Жиналыс барысында қазіргі таңда жасөспірімдер арасында өзекті болып отырған бірқатар мәселелер кеңінен талқыланды.
   Атап айтқанда, құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, мектеп тәртібі мен қоғамдық ортадағы жауапкершілік туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға әрбір іс-әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі бар екені ескертілді. Жиналыста қазіргі қоғамдағы күрделі мәселелердің бірі — лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) жайлы да сөз болды. Онлайн ойындар мен бәс тігудің зияны, қаржылық және психологиялық салдары туралы ақпарат берілді. Оқушылар арасында кездесетін буллинг (қорлау, әлімжеттік) мәселесі де назардан тыс қалмады. Бір-біріне құрметпен қарау, қолдау көрсету және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне жол бермеу керектігі түсіндірілді.
  Сондай-ақ, телефонды тиімді пайдалану, сабақ уақытында тәртіп сақтау, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік ережелері талқыланды.
  Қасиетті Ораза айында өзін-өзі тәрбиелеу, сабыр сақтау, тәртіпті болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы насихат айтылды. Тарабех намаздарына тек заңды тұлғамен баруға рұқсат берілгендігі, болмаса рұқсат жоқтығы түсіндірілді.
   Жиналыс соңында түнгі уақытта заңсыз жүрудің алдын алу, ата-ананың рұқсатынсыз кешкі мезгілде көшеде жүрмеу, қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде ескертулер жасалды. Өмірдің құндылығы, әр баланың қоғам үшін маңызды тұлға екені ерекше атап өтілді. Мектеп пен ата-ана бірлесе отырып, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыру – басты міндет екені айтылды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив