"Заковат" интеллектулдық ойын » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2026
0

"Заковат" интеллектулдық ойын

"Заковат" интеллектулдық ойын
      Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-те 2026 жыл  13 наурыз күні педагог-зерттеушілер апталығы барысында бастауыш сынып мұғалімі Махбуба Мирхакимова 4-“А” сынып оқушыларының қатысуында  “Заковат” интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды.
     Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, білім деңгейін шыңдау, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға үйрету, сондай-ақ шығармашылық және топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру болды.
Интеллектуалдық сайыс барысында оқушылар тапқырлықтарын, білімділіктерін, шапшаңдықтарын және ұйымшылдықтарын көрсете білді. Әр кезең мазмұнды, қызықты әрі тартымды өтіп, қатысушылар арасында достық бәсеке мен жағымды атмосфера қалыптасты. Оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға нақты әрі жүйелі жауап беріп, өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетті.
Сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар марапатталып, барлық қатысушыларға алғыс білдірілді. Аталған іс-шара оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, таным көкжиегін кеңейтуге үлкен ықпал етті.
Ұйымдастырушылардың жоғары кәсіби шеберлігі, шығармашылық ізденісі мен жауапкершілігінің арқасында “Заковат” интеллектуалдық ойыны мазмұнды, әсерлі және жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Похожие публикации:

13 март 2026 "Сайыс сабақ"
06 март 2026 "Сайыс сабақ"
13 март 2026 "Сайыс сабақ"
12 март 2026 "Сайыс сабақ"
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив