14
март
2026
14 наурыз – Амал мерекесі (Көрісу күні) 🤝
14 наурыз – Амал мерекесі (Көрісу күні) 
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың бастауы 
Шымкент қаласы білім басқармасы Оқу-ағарту министрлігінің 2026 жылғы 5 наурыздағы №3-05-4/1706-И хатына сәйкес хабарлайды. Биыл Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі «Наурызнама» онкүндігі форматында атап өтілуіне байланысты
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 14 наурыз күні “14 наурыз – Амал мерекесіне орай Көрісу күні” ұйымдастырылды. Мектеп директоры Раъно Эркиновна Сайрамбаева бүкіл қазақ халқын “Амал мерекесімен” құттықтады.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға ұлттық салт-дәстүрлерімізді таныстыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу және халқымыздың бірлік пен татулыққа негізделген құндылықтарын дәріптеу.
Мерекелік шара барысында оқушылар мен ұстаздар бір-бірімен көрісіп, ізгі тілектерін білдірді. Қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ұлттық құндылықтардың маңызы айтылды. Оқушылар мерекеге байланысты өлеңдер айтып, жылы лебіздерін білдірді.
Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін арттырып, салт-дәстүрімізді дәріптеуге үлкен үлес қосады.
Баршаңызды Амал мерекесімен құттықтаймыз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! 
https://www.facebook.com/reel/2360332994465530 