19
декабрь
2025
"Ашық тәрбие сағат"
"Ашық тәрбие сағат"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N•108 ЖОББМ-тің химия-биология пәні мұғалімдері Матлюба Тораходжаева, Дилдор Ибрагимовалар 2025 жыл 19 желтоқсан күні 6- сынып оқушылары қатысуында апталықтан тыс "Табиғатты аялау-ата салтымыз, Тәрбиеге мән берген дана халқымыз" тақырыбында ашық тәрбие сабағын өткізді.
Мақсаты: 6-сынып оқушыларына табиғатты аялау – ата-бабамыздан қалған асыл дәстүр екенін түсіндіру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, туған жердің табиғатын қорғауға, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге баулу. Табиғат пен адам арасындағы үйлесімділікті сезіне білуге, табиғатты сақтау – әр азаматтың борышы екенін ұғындыру.
Сабақ өте мазмұнды, танымдық әрі тәрбиелік мәнде өтті. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артып, белсенді қатысулары байқалды.


