«Қыз баланың жауапкершілігі – қоғам болашағы» » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз баланың жауапкершілігі – қоғам болашағы»
02
март
2026
0

«Қыз баланың жауапкершілігі – қоғам болашағы»

«Қыз баланың жауапкершілігі – қоғам болашағы»
   Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 2 наурыз күні 8-«Г» сыныбында «Қыз баланың жауапкершілігі – қоғам болашағы» тақырыбында қыздар арасында тәрбиелік бағыттағы жиналыс болып өтті. 
Сынып жетекшісі: Юлдуз Шопулатова
Жиналыс барысында жасөспірімдерге қатысты өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.
   Алдымен құқық бұзушылықтың алдын алу туралы түсіндірме жүргізіліп, әрбір іс-әрекеттің заң алдындағы жауапкершілігі бар екені айтылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау, мектеп ережелерін орындау – әр оқушының міндеті екені ескертілді.
    Сонымен қатар, ерте жүктіліктің алдын алу мәселесі қозғалып, оның денсаулыққа, болашақ білім мен өмір жоспарына тигізетін кері әсері түсіндірілді. Қыз балаға тән ибалық, өзін құрметтеу және саналы таңдау жасау маңыздылығы айтылды.
 • аутодеструктивті мінез-құлықтың түрлері (өз-өзіне қол жұмсау туралы ойлар, өзіне зиян келтіру, агрессия);
 • оның туындау себептері (стресс, отбасылық қиындықтар, жалғыздық сезімі, әлеуметтік қысым);
 • зорлық-зомбылықтың түрлері (физикалық, психологиялық, әлеуметтік, киберзорлық);
 • заң алдындағы жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
   Сонымен қатар, қиын жағдайға тап болған кезде мектеп психологтарына, сынып жетекшілеріне немесе сенім телефондарына жүгінудің маңыздылығы айтылды. Оқушыларға өз сезімдерін жасырмай, сенімді ересек адаммен бөлісу – әлсіздік емес, керісінше батылдық екені түсіндірілді.
   Жиналыста қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – лудомания (құмар ойындарға тәуелділік) туралы да сөз болды. Онлайн ойындар мен бәс тігудің психологиялық және қаржылық зияны түсіндірілді.
    Буллинг мәселесі де назардан тыс қалмады. Қыздар арасында бір-біріне құрметпен қарау, өсек-аяңнан аулақ болу, жанашырлық таныту және әлімжеттікке жол бермеу қажеттігі айтылды.
    Сондай-ақ, телефонды дұрыс пайдалану, әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, артық уақыт жоғалтпау және кибербуллингтің алдын алу жөнінде кеңестер берілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив