08
декабрь
2025
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ Мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері туралы жергілікті полиция қызметкерлерімен түсіндірме жұмысы.
Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ
Мұғалімдердің құқықтары мен міндеттері туралы жергілікті полиция қызметкерлерімен түсіндірме жұмысы.
Өткізілген күні: 08.12.2025 жыл
Қатысушылар: Мектеп директоры Раъно Эркиновна Сайрамбаева, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, жергілікті полиция инспекторы.
Мақсаты:
Мұғалімдердің кәсіби қызмет барысында заңмен қорғалатын құқықтары мен міндеттері туралы ақпарат беру, педагогтердің қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығын арттыру.
Өту барысы:
– Полиция инспекторы мұғалімдердің құқықтық мәртебесі туралы баяндама жасады (ҚР "Педагог мәртебесі туралы" Заңы негізінде)
– Мұғалімдердің оқушылармен, ата-аналармен және әріптестермен қарым-қатынастағы құқықтары мен шектеулері түсіндірілді
– Қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтау, құқықтық нормаларды бұзған жағдайда қайда жүгіну керектігі айтылды
– Сұрақ-жауап бөлімі: мұғалімдер көкейіндегі сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды
Қорытынды:
Іс-шара мұғалімдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заң аясында қорғалатынына сенімділік берді.


