16
февраль
2026
«Адасудан аулақ бол!»
«Адасудан аулақ бол!»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 16 ақпан күні 8-«Г» сыныбында «Адасудан аулақ бол!» тақырыбында тәрбиелік мәні зор сынып сағаты өткізілді. Іс-шараны аға тәлімгер Ширин Миромарова ұйымдастырды.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға өмірде дұрыс жол таңдай білу, теріс әрекеттерден, зиянды әдеттерден және қауіпті ортадан аулақ болу керектігін түсіндіру, саналы шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқушылармен ашық әңгіме жүргізіліп, жасөспірімдер арасында кездесетін түрлі келеңсіз жағдайлар талқыланды, пікір алмасу ұйымдастырылып, жағдаяттық тапсырмалар берілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өмірлік құндылықтар туралы тұжырым жасады.
Сынып сағаты барысында жауапкершілік, адалдық, достық, еңбекқорлық сияқты құндылықтардың маңызы ерекше атап өтілді. Оқушылар белсенділік танытып, өз болашағына бейжай қарамау керектігін түсінді.
Өткізілген шара жас ұрпақты дұрыс бағыт-бағдар беруге, саналы әрі парасатты тұлға болып қалыптасуына ықпал етті.
[media=https://www.facebook.com/reel/1270318644987752?locale=ru_RU]