
№ 3 Педагогикалық кеңес 2025-2026 оқу жылы

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы № 108 ЖОББМ-те 2026 жыл 6 қаңтар күні № 3 педагогикалық кеңес болып өтті.

№3 педагогикалық кеңесте қаралған мәселелер:
№3 педагогикалық кеңес барысында мектептің оқу-тәрбие жұмысына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды:

№2 педагогикалық кеңесте қабылданған ұсыныстар мен қаулылардың орындалу барысы туралы мектеп директоры
Раъно Эркиновна Сайрамбаева мәлімдеме жасады.

Оқушылардың ІІ тоқсан бойынша білім нәтижелерінің мониторингі жүргізіліп, алдағы міндеттер айқындалды (ДӘЖЖО – С.Юнусалиев).

4-сынып оқушыларының ББЖМ-ға дайындық жұмыстарының барысы талқыланды (ДОЖЖО –
Абдували Абдазимов).

Оқушылардың әлеуметтік жағдайын тексеру қорытындысы бойынша әлеуметтік педагог
Гулноза Жахангировна ақпарат берді.

«Жасөспіріммен қарым-қатынас жасау жолдары» тақырыбында аттестациядан өтетін мұғалімдердің баяндамалары тыңдалды.

Сынып жетекшілерінің жарты жылдық атқарған жұмыстары бойынша есептері қаралды (ДТЖЖО –
Дилшад Нуралиев).

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» аясында мектепте заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді (ДТЖЖО –
Дилмира Джаматова).

9-сынып оқушыларының кәсіби қызығушылықтарын анықтау мәселесі талқыланды (профориентатор А.Сидикметов).

Аттестациядан өтетін мұғалімдердің есептері тыңдалды (педагог-сарапшылар, пән мұғалімдері).

Әртүрлі мәселелер.

Кеңес қорытындысы бойынша алдағы кезеңге нақты міндеттер белгіленіп, тиісті тапсырмалар берілді.
Кеңесті мектеп директоры Раъно Эркиновна Сайрамбаева алып барды. Кеңес барысында жауаптылар тарапынан есептер тыңдалды, 2025-2026 оқу жылының ІІ тоқсанының қортындысы мен ІІІ тоқсандағы мақсат, міндеттер талқыланды, бір ауыздан қаулы қабылданды.