«Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» қауіпсіздік сабағы » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» қауіпсіздік сабағы
16
февраль
2026
0

«Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» қауіпсіздік сабағы

«Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері» қауіпсіздік сабағы
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 16 ақпан күні 8-“Б” сынып жетекшісі Гулноза Жахангировна “Қазақстандағы сенім телефондары мен жедел қызметтердің нөмірлері” тақырыбында қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды.
   Сабақтың мақсаты – оқушыларға төтенше жағдай кезінде хабарласатын қызмет түрлері мен сенім телефондары туралы нақты мәлімет беру, қиын жағдайда дұрыс әрекет етуге үйрету және жауапкершілік сезімін қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстандағы негізгі жедел қызмет нөмірлерімен танысты:
 • 101 – өрт сөндіру қызметі;
 • 102 – полиция қызметі;
 • 103 – жедел жәрдем;
 • 104 – газ қызметі;
 • 112 – бірыңғай шұғыл қызмет нөмірі.
Сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефондары туралы мәлімет берілді. Оқушыларға қиын жағдайға тап болғанда немесе құқық бұзушылыққа куә болғанда немқұрайлы қарамай, дер кезінде хабарлау маңызды екені түсіндірілді.
Сабақ барысында жағдаяттық тапсырмалар беріліп, «Қандай жағдайда қай нөмірге хабарласамыз?» атты сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Оқушылар белсенді қатысып, өз білімдерін ортаға салды.
Өткізілген шара оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, төтенше жағдайда сабыр сақтап, дұрыс шешім қабылдауға бағыт берді.
https://www.facebook.com/100025393897412/videos/pcb.2041984643324646/1387367339334931?locale=ru_RU

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив