“Жол тәртібін білеміз – аман-есен жүреміз” » Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі
Шымкент қаласының білім басқармасының
«Хамза атындағы №108 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 95-48-91
Сенім телефоны:
+7(7252) 95-48-90
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Жол тәртібін білеміз – аман-есен жүреміз”
16
февраль
2026
0

“Жол тәртібін білеміз – аман-есен жүреміз”

“Жол тәртібін білеміз – аман-есен жүреміз” 
қауіпсіздік сабағы
    Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Хамза атындағы N*108 ЖОББМ-те 2026 жыл 16 ақпан күні 3-“А” сынып жетекшісі Дилфуза Инагамжановна “Жол тәртібін білеміз – аман-есен жүреміз” тақырыбында сынып сағатын ұйымдастырды.
   Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға жол қозғалысы ережелерін үйрету, жол белгілерін таныстыру және көшеде қауіпсіз жүру дағдыларын қалыптастыру болды.
Сабақ барысында оқушылар жолда жүру ережелері туралы мағлұмат алып, жаяу жүргіншілерге арналған белгілермен танысты. Сонымен қатар, бағдаршамның қызметі, жаяу жүргінші өткелінен өту тәртібі, қоғамдық көлікте өзін ұстау мәдениеті туралы түсіндірілді.
Оқушылар «Бағдаршам», «Жол белгілерін тап», «Қауіпсіз жол» атты қызықты ойындар ойнап, өз білімдерін бекітті. Сұрақ-жауап кезеңінде балалар жолда кездесетін түрлі жағдайлар бойынша өз ойларын айтып, белсенділік танытты.
Сынып сағаты оқушылардың жол қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін арттырып, жол ережелерін сақтау – өз өмірі мен өзгелердің өмірін қорғау екенін түсінуге ықпал етті.
Осындай тәрбиелік мәні зор іс-шаралар оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив